• Пт. Май 10th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Құтқарушы-сүңгуір – мықты маман

Автор:REVIZORRO

Апр 24, 2020

Жалпы сүңгуір мамандығы қиын әрі денсаулыққа зиян келтіретін мамандықтардың бірі. Су асты әлемі адам организміне өзінің кері әсерін тигізетіні белгілі. Яғни су неғұрлым тереңдеген сайын жоғары деңгейдегі қысым мен төмен (4оС дейін) температура әсері адамға айтарлықтай сезіледі. Ал су астында қозғалу өте ауыр екендігі баршаға аян. Сүңгуірлердің айтуынша су астында бір сағат жұмыс істеу, құрлықтағы бір күн жұмыс атқару уақытымен шамалас екен. Сонымен қатар суға сүңгитін арнайы киім-кешектердің салмағы 80 кг (сүңгуір бас киімінің салмағы 20 кг, ботинкасы – 24 кг) құрайды. Ал мұндай салмақпен жұмыс атқару екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Сондықтан аталмыш кәсіпке аяқ басқан әрбір сүңгуір өте жоғары деңгейдегі іріктеуден өтеді.

Бүгін біз сіздердің назарларыңызға Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушысы маманданған 3 тобының 3 сыныптағы сүңгуірі Абиев Бағдат Қартабайұлы жайлы мәліметті ұсынбақпыз.

Бағдат Абиев 2015 жылдан бері сүңгуір болып қызмет атқаруда. Ал 2016 жылы ол Қырғыз Республикасында білім алып, өзінің аз ғана кәсіби тәжірибесіне қарамастан үнемі облыстың шалғай аудандарындағы шақыртуларға аттанып, сүңгуірлік жұмыстарын жүргізіп келеді. Мысалға 2019 жылы 8 наурызда Бағдат Абиев өзінің кезекті ауысымында қызмет атқарып жүргенде Шөлдала иінінен шұғыл шақырту келіп, сүңгуірлік-құтқару жұмыстарын жүргізбекке жедел аттанады. Шақырту орнына келіп жеткен құтқарушылардың бір бөлігі суға кеткен адамды жағалаудан іздестіріп жүргенде Бағдат үстіне арнайы сүңгуірлік киімдерін шұғыл киіп, су астынан іздеу жұмыстарымен айналысады. Көзге түртсе көргісіз су астынан ол өзінің біраз жылғы тәжірибесінің арқасында суға кеткен адамның денесін қысқа мерзім ішінде табады.

Сонымен қатар Бағдат Абиев бассейндер мен демалу аймақтарындағы қоғамдық құтқарушыларды дайындау бойынша әрдайым бастамашы маман болудан ешқашан жалыққан емес. Қолда бар, жинақталған деректермен қоса ол әрқашан үлкен ізденісте болып, өзі үйретіп жүрген жас мамандардың бойына өз білгенін сіңіруге күш салып келеді. Тіпті қажет болса жас мамандардың әрқайсысына жеке тоқталуды да өзіне мін санамайды. Ал өзінің бос уақытын әрдайым өз отбасына арнайтын Бағдат ұжымда да үлкен достық қолдауға ие. Ал біз үнемі өзін жан-жақты дамыту үстінде жүретін Бағдат секілді әріптестерімізге әрдайым мақтанышпен сенім артатынымызды жеткізгіміз келеді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?